Ауданда мал басын өз төлі есебінен көбейту, оларды асылдандыру бағытында елеулі шаралар қолға алынған. Бұл өзінің оң нәтижесін беруде. Атап айтқанда, 2017 жылдың қаңтар айының басында 28 418 ірі қара, 356 080 қой-ешкі, 13382 жылқы және 61 түйе болса, 2018 жылдың осы мерзімінде ірі қара – 1802, қой-ешкі – 47 255, жылқы – 2934 және түйе 6 басқа өскен. Бүгінде 33 905 мүйізді ірі қара, 419 920 қой-ешкі, 15 100 жылқы, 62 түйе және 22 800 шошқа қыстатылуда. Мүйізді ірі қара малының 13 пайызы тау бөктерлеріндегі қыстауларда, 45 пайызы құмда, ұсақ малдың 10 пайызы тауда, 55 пайызы құмда, қалғаны елді мекендерде ұсталуда. Өткен жылы көктем айларында жауын-шашынның мол болуына байланысты қажетті жемшөптің берік қоры жасалған. Қыс маусымына арналып 188 475 тонна шөп, 27 500 тонна сабан және 69 300 тонна жем әзірленіп, олардың бір бөлігі тау бөктерлеріндегі қыстауларға жеткізіліп қойылыпты. Барлық мал қыстауларындағы шопандар үйі мен қора-жайлар жөндеуден өткізілген. «Шәушен» шаруа қожалығы 2016 жылғы мал қыстату науқанына көшіп-қонуға қолайлы екі бөлмелі 25 дана жылжымалы шопан үйшігін пайдалануға берген болатын. Малшылар биыл да осы жылжымалы үйшіктерді пайдалануда. Бұл – көшіп-қонуға қолайлы әрі ыңғайлы. – Мал қыстатуды шығынсыз өткізу үшін аудандық штаб құрылған. Ауа райы күрт өзгеріп, төтенше жағдайлар болғанда арнайы жасақталған топ мал қыстауларына көмекке барады. Көптеген агроқұрылымдармен қуатты техникаларын бірлесе пайдалану жөнінде келісімшарт жасалған. Аудан әкімдігінің арнайы құрылған штабын аудан әкімінің орынбасары Манарбек Тілепов басқарады. Малшылар және аудан тұрғындары мал азығынан тапшылық көрмейді. Құлан, Жаңатұрмыс және Ақыртөбе ауылдарында шөп сататын орындар бар. Жемді Құлан ауылындағы «Ақтоған» және «Досқайнар» шаруа қожалықтарының иелігіндегі дүкендерден, орталық базардағы төрт сату орнынан және «Бибол» шаруа қожалығына қарасты құрама жем цехынан сатып алуға болады, – дейді аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерғазы Еспенов.
Ақылжан Мамыт Т. Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді