Жаһан
Үкімет азық-түлік өнеркәсібін дамытуға 100 млрд. теңге бөледі
- author «Ақ жол»
- 20 маусым, 2014
- 199
Үкімет азық-түлік өнеркәсібін дамытуға 100 млрд. теңге бөледі
Экономикаға қаржылай қолдау көрсету үшін Ұлттық қордан бөлінетін 1 трлн. теңгенің алғашқы 100 млрд. теңгесі азық-түлік өнеркәсібін дамытуға бағытталады.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Ұлттық қордан бөлініп, «Бәйтерек» қоры арқылы өткен алғашқы 100 млрд. теңге қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер арқылы нақты іске асырылуда. Бұл кезеңде біз азық-түлік өңдеу өнеркәсібін дамытуға баса назар аудардық» , - деді Үкімет басшысы.
Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, жыл сайын Қазақстан шамамен 3 млрд. доллардың азық-түлік өнімдерін сырттан тасымалдап отыр.
«Яғни, біз ішкі нарықтың өзінен қарапайым болғанымен біздер үшін экономиканың маңызды секторы болатын саланы байқап отырмыз. Біз оны дамыта алар едік», - деді К.Мәсімов.
Премьер-Министр өз сөзінде республика экономикасына экономикалық қолдау көрсету үшін Мемлекет басшысы теңдессіз шара қабылдап, Ұлттық қордан 1 трлн. теңге бөлуге тапсырма бергенін атап өтті.
«Бұл қаржы бірінші кезекте өңдеу өнеркәсібін қолдауға, оны дамытуға және осы салаға шетел инвестициясын тартуға бағытталатын болады», - деді К.Мәсімов.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді