Жаһан
Елбасы Иордания Королімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады
- author «Ақ жол»
- 20 маусым, 2014
- 640
Елбасы Иордания Королімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге жұмыс сапарымен келген Иордания Королі Абдалла II-мен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдалла II халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.
Қазақстан Президенті екі ел және олардың көшбасшылары арасында өзара сенімге негізделген жақын қарым-қатынас қалыптасқанын айтты. Бұл ретте ол Иорданияның жалпы Таяу Шығыста маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Абдалла II Қазақстанға келуге шақыртуы үшін алғысын айтты, сондай-ақ еліміздің көп жылдар бойғы, соның ішінде сириялық босқындар мәселесі бойынша көрсеткен қолдауы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа Иордан халқы атынан ризашылығын білдірді.
Екі мемлекет көшбасшылары өзара ықпалдастықтың әлеуетін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағытта басымдығы бар бірқатар шараларды қарастырды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




