12 қаңтар – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Биыл алаштың ардақты ұлының дүниеге келгеніне – 106 жыл. Бұл күні тараздықтар ұлты үшін туған дара тұлғаның ескерткіші алдына жиналып, тұлға рухына тағзым етті.
Тараз қаласы әкімінің орынбасарыв Жасұлан Ханалиев бастап, қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері, мәслихат депутаттары, Тараз қаласына қарасты барлық бөлімдер мен мекеме қызметкерлері, білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдері Дінмұхамед Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, алаштың аяулы ұлының рухын ұлықтады. «Ел – ырыстың кілті, ер – ырыстың қорғаны» дегенді қазақ текке айтпаса керек. Қазақ елінің қорғаны, жоқшысы әрі сақшысы болған Дінмұхамед Қонаев есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Өйткені артында қара ормандай қалың қазағы бар.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




