«Тараз Холл» мейрамханасында облыстық іскер әйелдер қауымдастығының Жаңа жылдық мерекелік кеші өтті. Оған өңірдегі еңбегімен еленіп, түрлі салада тындырымды тірлігімен көзге түсіп жүрген іскер әйелдер, қыз-келіншектер қауымы және арнайы шақыртылған қонақтар қатысты. Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған думан дастархан басында әдемі көңіл-күйге бөледі. Облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев аталмыш кештің құрметті қонағы атанып, іскер әйелдер қауымын 20 жылдық мерейтойларымен және келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Кәрім Нәсбекұлы өңірде жыл бойы атқарылған игі істерді, облыстың даму негізін айғақтайтын көрсеткіштерге тоқталып, ондағы барлық жетістіктерде нәзік жандылардың да үлесі барын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева сөз алып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Ол біздің өңірдегі іскер әйелдердің белсенділігінің жоғары екенін және ел көлемінде жамбылдық арулардың мәртебесінің биіктігін айтып, мерейін тасытты. Өзге де қонақтар ақ тілектері мен ыстық ықыластарын білдірді. Жиылғандар табысты өткен тауық жылына ризашылығын білдіріп, алдағы жылы да жақсылықтарға толы болсын деп, Жаңа жылды ақ тілек, пәк үмітпен қарсы алуға ниет етіп тарқасты.
Жанғазы АХМЕТ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді