«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шаңырақ неге шайқалады?

Шаңырақ неге шайқалады?
ашық дереккөз
Шаңырақ неге шайқалады?

Қазіргі таңда отбасының бүтіндігі ең өзекті мәселеге айналып отыр. Шаңырақ неге бұзылады? Жас отаулардың өркен жайып, ынтымағы жарасып кетуіне не кедергі? Бұл сұрақ жалпы қоғамдағы ең өзекті мәселеге айналған. Нақты деректерге көз салып көрейікші. Тараз қаласы бойынша өткен жылы 3021 жұптың некесі қиылса, 11 айда облыс орталығында 3044 жас отбасы тіркелген. Алайда өткен жылы отбасын құрған 1136 жас отбасының дәм-тұзы жараспаған. Ал үстіміздегі жылдың 11 айында 1112 азаматтың некесі бұзылған. Тараз қаласындағы «Нығмет нұры» – жас отбасылар некесінің беріктігін сақтауға үндеп жүрген қоғамдық бірлестік. Осыдай мақсатпен жоғары, арнаулы оқу орындарында, мектептерде қыздармен әңгіме өткізіп, тәрбие берумен айналысып келеді. Мәселен, осы қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен өткізілген «Отбасы психологиясы» атты сауалнамаға 100 жас отбасы қатысқан. Олар сауалнамаға жауап бере отырып, мамандардан көптеген пайдалы кеңестер алған. Ал бұл өз кезегінде жастардың отбасыны берік ұстауға деген құлшынысын арттырған. Бұл – аталған қоғамдық ұйымның белсенді жұмысының нәтижесі. Жасыратыны жоқ, жастардың отбасы ұғымына жеңіл қарауы белең алып барады. Оған перзенттерінің басынан құс ұшырмайтын ата-аналар да кінәлі. Ержеткен жігіттің, бойжеткен қыздың бойына отбасылық құндылықтарын сіңіруді көпшілігі естен шығарған. Жас отаулардың бақытты болып кетуі үшін барлығымыз күш салуымыз керек. Ал «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің жас отаулардың арасын жақындастыруға себеп болатын шараларды ұйым­дастыру – өте құптарлық іс. Отбасын сақтау ең қастерлі құнды­лық екенін ұмытпасақ игі.

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар