Энергетиктердің кәсіби мерекесіне орай Тараз қалалық Мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысты. Жиында «Жамбыл электр желілері» мекемесінің бас директоры Әлихан Жарболов баяндама жасап, саланың бүгінгі жетістіктеріне кеңінен тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды да тілге тиек етті.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы өңірдің экономикалық дамуына сала қызметкерлерінің қосып жүрген үлесі жоғары екенін атап өтіп, бірқатар еңбек озаттарын облыс әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты жиын соңы облыс өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




