Ілгеріде Еңбекші ауылында ел күткен жарқын іс бастау алған еді. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған ауыл тұрғындары туып-өскен жерлеріне мешіт салуды көздеген болатын. Міне, көптен күткен мешіттің құрылысы да аяқталып, тұрғындардың игілігіне беріліп отыр.
Жиғанын иманымен таразылайтын мұсылман бауырлардың басын бір жерге тоғыстыратын Алланың жердегі үйінің ашылу салтанаты аудандық мешіттің бас имамы Аят Дыбысұлының құран бағыштауымен басталды. Аудан әкімінің орынбасары Ербол Аймамбетов ауыл тұрғындарын көптен күткен қуанышымен құттықтады. Бұдан соң ауылдың рухани жаңғыруына жаңа серпін беретін сәулеті мен сәні жарасқан мешіттің алқызыл лентасы да қиылды. Бір айта кетерлігі, мешіт құрылысының жүзеге асуына ауылдың барлық тұрғындары атсалысыпты. Сонымен қатар, мұнда бір мезетте 100-ден аса адам намазға жығыла алады. Аталған имандылық үйі Шу ауданында ашылып отырған 25-інші мешіт екен. Шара соңында игі істің қуанышын бөлісуге келген қонақтар мен ауыл тұрғындарына ақ дастархан жайылып, ас берілді.
Ерғали ҚАРТАЙҒАН
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




