Ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күні еліміздің түкпір-түкпірінде жылдағы дәстүр бойынша ерекше сән-салтанатымен атап өтілді. Бұл күннің мән-маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Мақсат – той тойлау емес, әрине, тәуелсіздік деген тәтті ұғымның қадір-қасиетін кейінгі ұрпақ жадына сіңіру. Азаттық жолында азап кешіп, тәуелсіздік үшін тәуекелге барған батыр бабаларымызды үлгі етіп, дәріптеу.
Тәуелсіздіктің құрметіне еліміздің әр қаласында монументтер, ірі құрылыстар бой көтерді. Рас, егемендікті қалай дәріптесек те еш артық емес. Мерекеге орай Тараз қаласындағы «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл күні «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығы оркестрінің сүйемелдеуімен монумент маңын патриоттық әуендер кернеп тұрды. Салтанатты шараға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар Кәрібаев сынды бірқатар атқамінер азаматтар, ардагерлер, әскери құрылымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Сөз жоқ, ерлік ешқашан да ұмытылмайды, еңбек те елеусіз қалмақ емес. Тәуелсіздігімізді сан ғасыр армандаған бабалардың, ел еркіндігі жолында жанын қиған батырлардың рухына көрсетілген құрмет осының айғағы. Мереке күнгі патриоттық шара орталық «Достық» алаңындағы мерекелік концертпен жалғасын тапты. «Азия» тобы және облыстың өнер шеберлерінің қатысуымен өткен өнер кеші көпшілікке көтеріңкі көңіл- күй сыйлады.
Есет ДОСАЛЫ
Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді