Қаланың күн шығыс жағындағы аумақта бірде-бір мектепке дейінгі мекеменің болмағаны тұрғындарды қатты қынжылтатын. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бұл мәселені шешуге мүмкіндік берді. Қожатаевтар әулеті осы бағдарламаға сәйкес жекеменшік балабақша ашу жөнінде тиісті ұйымдарға өтініш жасаған екен, қолдау тауып, Тәуелсіздік күні қарсаңында Б.Қарашаұлы көшесінің тұрғындары «Көркем» балабақшасының ашылу салатанатына куә болды.
Балабақшаның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Кәдірбек Садубаев кәсіпкер Мұрат Қожатаевқа алғысын білдіріп, мекеменің меңгерушісі Шолпан Ахметоваға символикалық кілтті тапсырды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Байзақ Көлбайұлы тұрғындардың тілегін қабыл алып, балабақша ашып берген жас кәсіпкерлерге ризашылығын жеткізді. Балабақша меңгерушісі Қытай Халық республикасында жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, Тараз қаласындағы педагогикалық университетінде жұмыс істепті. Қаратауға, туған жеріне қайта келгені – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына үн қосуды ойлағаннан екен. «Әлеуметтік мәселені шешуге атсалысу – азаматтық парызым. Қаланың шығыс төңірегіндегі тұрғындардың таң қылаң бере сәбилерін орталықтағы балабақшаларға сүйрелеп жүргені мені қатты қынжылтатын. Содан осындай шешімге келдім», – деді ол. Бос тұрған нысан күрделі жөндеуден өткізіліп, толықтай жаңғыртылып, 50 бүлдіршінге арналған балабақшаға айналыпты. Қазір онда 10 тәрбиеші жұмыс істейді.
Сәулембай Әбсадықұлы
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




