Облыс әкімдігінде өткен кезекті аппараттық кеңесте бірнеше мәселе қаралып, талқыланды. Олардың негізгісі мемлекет-жекеменшік әріптестігі жобаларының жүзеге асырылу жайы болды. Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова облыста бүгінде 26 МЖӘ жобасын іске асыру қарастырылғанын айтып, олардың әр сала бойынша жүзеге асырылуы жай-күйін түсіндірді. Мәселен, бұл тұрғыда спорт саласы – 1 жобаға келісімшарт жасаса, білім беру саласында 6 жобаға конкурс жарияланған, денсаулық сақтау саласында – 1, ауыл шаруашылығы саласында – 15, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласында 1 жоба бойынша тұжырымдама сараптамадан өтіп жатыр екен. Көлік инфрақұрылымы және қоғамдық тәртіп салаларында бір-бір жоба бойынша тұжырымдама әзірлену үстінде. Бүгінгі күнге дейін аталған 26 жобаның «Тарлан Батырлары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы арасындағы келісімшартқа сәйкес біреуі ғана іске асырылыпты. Ал білім саласы бойынша 6 мемлекет-жекеменшік әріптестігі жобаларын іске асыру қарастырылған. Оларды іске асырудың нәтижесінде жаңа 1460 орын ашылып, балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту үлесі артады деп күтілуде. Ауыл шаруашылығы саласында облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласында жалпы 15 ветеринарлық лазарет құрылысын салу бойынша 5 тұжырымдама әзірленіп, сараптамадан қорытындысы алынатын болады. Жобаларды іске асыру нәтижесінде облыста ветеринарлық іс-шаралардың стандарттарға сәйкес жүргізіліп, бұл тұрақты оң эпизоотиялық жағдайды сақтауға мүмкіндік бермек. «Денсаулық сақтау саласы бойынша тікелей келіссөздер жүргізу арқылы Тараз қаласындағы №2 қалалық ауруханасының негізінде гемодиализ бөлімшесін «Нефрос Азия» ЖШС-на сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда. Бүгінгі күнге жоба бойынша тұжырымдама мен келісімшарт сараптамадан өтуде, қорытындысы желтоқсан айында алынады деп күтілуде. Медициналық талаптарға сәйкес бүйрек функциясының жетіспеушілігі бар 1 науқас айына 13 гемодиализ процедурасынан өтуі тиіс. Қолданыстағы жағдай 1 науқасты айына 11 гемодиализ процедурасынан өткізуге мүмкіндік береді. Жоба іске асқан жағдайда көрсетілетін медициналық қызметті еуропалық клиникалардың жоғары стандарттарына сәйкес халықаралық деңгейге жеткізу мүмкін болады. Бұл жоба республика өңірлері арасында осы бағытта іске асырылатын жалғыз жоба болып табылады», – деп атап өтті баяндамашы. Жыл сайын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мемлекет-жекеменшік әріптестігі мәселелері бойынша біліктілігін арттыру, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік орталығы» АҚ-ның сертификатын алу міндеттілігі қарастырылған көрінеді. Ағымдағы жылдың өзінде 50-ден астам мемлекеттік қызметкер тиісті сертификаттарын алыпты. Бұдан басқа, басқарма тарапынан тұрақты түрде инвесторлардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ірі семинарлар ұйымдастырылуда. Басқарма басшысы осыған қарамастан, облыста мемлекет-жекеменшік әріптестігі қағидаттары негізінде энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сияқты маңызды салаларды дамытуға бағытталған жобалар әлі қарастырылмай отырғанына да тоқталып өтті.
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев баяндаманы мұқият тыңдап, онда аталып өткен мәселелер төңірегінде алғашқы сұрағын білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетоваға бағыттады. Басқарма басшысы «Бұл іске 3 қараша күні байқау жарияланды. Енді 21 қарашаға дейін құжаттарды қабылдаймыз» деп жауап қайтарды, алайда өңір басшысы тиісті жұмыстардың ертерек жүргізілмеуі көңіл көншітерліктей деңгейде еместігін жеткізді. Кәрім Нәсбекұлы мемлекет-жекеменшік әріптестігі жобаларының құжаттары өзімізден өткенімен, Астанадан, яғни Экономика министрлігінен өтпей қалып жататындығына да тоқталып, басқарма басшылары бұл мәселеде өздері ізденіп, белсенділік, бастамашылдық танытпауы салдарынан, жұмыстың нәтижесіз болып жатқандығын атап өтті. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев баяндаманы мұқият тыңдап, онда аталып өткен мәселелер төңірегінде алғашқы сұрағын білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетоваға бағыттады. Басқарма басшысы «Бұл іске 3 қараша күні байқау жарияланды. Енді 21 қарашаға дейін құжаттарды қабылдаймыз» деп жауап қайтарды, алайда өңір басшысы тиісті жұмыстардың ертерек жүргізілмеуі көңіл көншітерліктей деңгейде еместігін жеткізді. Кәрім Нәсбекұлы мемлекет-жекеменшік әріптестігі жобаларының құжаттары өзімізден өткенімен, Астанадан, яғни Экономика министрлігінен өтпей қалып жататындығына да тоқталып, басқарма басшылары бұл мәселеде өздері ізденіп, белсенділік, бастамашылдық танытпауы салдарынан, жұмыстың нәтижесіз болып жатқандығын атап өтті. Күні кеше ғана облысымызда жұмыс сапарымен болған ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев өткізген селекторлық мәжілісте денсаулық сақтау саласы бойынша мемлекет-жекеменшік серіктестігі жөнінде біздің облыстың соңғы орындар қатарында екені анықталған. Кәрім Нәсбекұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтан осыған орай жауап беруін талап етті. Ал құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаев «Әулиеата» халықаралық әуежайын әлі күнге дейін мемлекет-жекеменшік әріптестігі бойынша заңдастырмағаны үшін сын тезіне алынды. «Облыс бойынша мемлекет-жекеменшік әріптестігінен өткен Шу ауданындағы «Тарлан» спорт кешені жобасын алға тартып, бір ғана жоба мақұлданды деген – бос сөз, бұл – жұмысқа ешкімнің назар салмайтындығының дәлелі», деп атап көрсетті өңір басшысы. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының аталмыш мәселеде «Бурное Солар-1» күн электр стансасына тиісінше назар аудармай жүргендігі де назардан тыс қалмады. Қысқасы, өңірдегі мемлекет-жекеменшік әріптестігі бойынша қалыптасқан ахуал көңілден шығарлық деңгейде емес. Осыған байланысты Кәрім Нәсбекұлы өзінің орынбасары Тимур Жанкеге аудан әкімдері мен басқарма басшыларын жинап, осы жұмысты жіті қадағалап отыруын және аппараттық кеңесте сын садағына ілінген қызметкерлерден тиісінше түсініктеме алуды тапсырды. Жиында айрықша елеулі маңызға ие ҚР Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекелеріне дайындық барысы да пысықталды. Бұл мәселе бойынша облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Ғ.Боранбаева баяндап, мемлекеттік органдар жоспарлайтын іс-шараларда «Қазақстан-2050» Стратегиясында және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасында көзделген міндеттердің іске асырылуын көрсету маңызды екендігіне тоқталды. Жалпы, Тұңғыш Президент күніне орай Тараз қаласы мен аудандарда 200-ден астам іс-шара өткізу көзделген екен, оның ішінде 50-ге жуық қоғамдық-саяси, 150-ге жуық мәдени-көпшілік (концерттік бағдарлама, спорттық шаралар, акциялар), 13 жаңа нысанның ашылуы, 3 әлеуметтік бағыттағы (қайырымдылық) шаралар жоспарланған. Мерекелік іс-шаралар жоспарға сәйкес 20 қарашадан басталады. Сонымен қатар, облыс бойынша 100-ден астам көрнекі ақпарат құралдары орналастырылатын болады, оның ішінде Тараз қаласында 10-нан астам билборд, аудандарда 100-ге жуық көрнекі ақпарат құралы орналастырылады екен. «Жалпы, мерекелер жалпыұлттық сипатқа ие болуға, барша қазақстандықтарды этносына және дініне қарамастан ортақ мүдде аясына біріктіруге, оларды Мемлекет басшысы қойған міндеттерді нақты іс жүзіне асыруға жұмылдыруға ықпал етуге тиіс», – деп атап өтті баяндамашы. Осы орайда аталмыш мерекені лайықты деңгейде ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев нақты тапсырмалар берді. Аппараттық кеңесте, сондай-ақ, бүгінгі күнге дейінгі бюджеттің атқарылуы барысы баян етілді.
Қарлығаш есбергенова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді