«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«AQ JOL» газетінің айтары көп

«AQ JOL» газетінің айтары көп
ашық дереккөз
«AQ JOL» газетінің айтары көп

SAM_9187Маратжан Юнисов, Кеңес орта мектебінің ұйымдастырушы-педагогі.

«AQ JOL» – тасқа басылған 95 жылдық тарихы бар, өткенімен де мақтана алатын ғажайып басылым, облыс баспасөзінің қара шаңырағы. 45 жылдан бері осы газеттің тұрақты оқырманымын. Қазіргі таңда үйімізге 17-18 мерзімді газет-журнал жаздырып алып, оқимын. Ал бұған педагогикалық басылымдарды қосыңыз. Солардың ішінде шоқтығы биігі «Егемен Қазақстан» мен «AQ JOL» газеттері. Облыстың бас басылымынан өңірдің барлық саласынан жаңалықтарды біліп отырмыз. «AQ JOL» газеті білім саласын көбірек қозғап, терең қамтып жүр. Әріптестеріміз жайлы көп мақалаларды оқып, қуанып қаламыз. Газеттегі «Пырақ», «Шөкеңнің шошаласы», «Айша бибі» арнайы беттері маған ұнайды. Әдебиет беті арқылы поэзия мен прозаға да назар бөлінді. Ақындардың басылымдарда жарық көрген өлеңдерін қызығып оқитындардың қатарынанмын. Белгілі кәсіпкерлердің жетістікке қалай жеткендігі де қызықтырады. Айтыс өнері туралы, айтыскерлер туралы да кеңінен қамтылады. Біздің Кеңес орта мектебінен Әсет Дүйсебаев, Рай Дөңбай, Дархан Әбдіманат, Ернұр Бейсен, Шалқар Кеңесбек деген жас айтыс ақындары шығып, айтысып жүр. Осы шәкірттеріміздің жетістіктері жайлы да «AQ JOL» газетінен оқып қуанып жүреміз. Мұхтар Әуезов, Сыдық Аблановтай қайраткерлердің қолтаңбасы бар аға басылымның мәртебесі артып, мерейі өсе берсін! Мұндай ғажайып мазмұнды, көркем, жан-жақты басылымның әр шаңырақтан табылғаны дұрыс деп ойлаймын!

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар