Өмірде біз ойланатын, көңілімізге түйетін мәселелер аз емес қой. «Кішілерімізге мейірім (жанашырлық), үлкендерімізге сый-құрмет танытпаған бізден емес» – деп айтылады Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисінде. Сондықтан, тәкаппарлықтан ада болып, қарапайым, ақкөңіл қалпымызда, қарттармен әңгіме-дүкен құрғанымыз дұрыс болады. Себебі, қарттардың білгенін жастар білмейді. Ақсақалдардан кейінгі толқынның үйренері көп-ақ. Бірақ... Жастардың кейбірі қарттарды құрметтемей, тіптен мазақ етіп ойнағысы келеді. Бұл – жақсы қасиет емес. Қарттар да жігіттік, жастық дәуренді басынан өткізгендер. Ал жігіттер сол ақсақалдардың көргенін көре ме, көрмей ме? Оны Құдай біледі. Ол – белгісіз жайт. Сондықтан, жастар қарттарды құрметтеп, олар туралы артық сөз айтпай, үлкендеріміздің алдында әдеп сақтағаны жөн. Қарттық деген – дерт. Сондықтан, әр сөзімізді аңдап сөйлесек дер едім. Бір шағын мысал бар. Жүз жасаған қарияның қолына таяғын алып, бүкшиіп бара жатқанын көрген жас жігіт оны мазақтап: «Уа, ата, осы иілген таяқты қанша теңгеге сатып алдыңыз? Мен де сатып алайын» депті. Сонда ғасыр жасаған қарт «Асықпа, жігітім, сабыр ет. Көп жасасаң, бұл таяқты тегін аласың» депті. «Адамның өмірі күн секілді. Қарттардың күні – батыста, жастардың күні – шығыста. Батыстағы күн тез батады. Сондықтан қариялардың күні батпай тұрғанда оларға әрдайым мейірімді бол. Егер әрбір жігіт ақылды және дана болса, ол жасы үлкен қарияларды құрметтейді. Өйткені, өзі де ақырындап бір күні қария болады. Егер сен, перзентім өзіңе құрмет қылсын десең, өзің де үлкендерді құрметте. Сен не істесең, перзенттерің де саған соны істейді» – дейтін бұрынғы даналардан қалған сөз бар екен. Қарттық өлімге бір табан болса да жақын. Жігіттер, ата-анаға әрдайым мейірімді, шуақты, сабырлы болыңдар!
Сейітқазы қажы Медетбек, «Жуалы» мешітінің бас имамы.
Б. Момышұлы ауылы, Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді