Қазақстанның көптеген облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады
- author «Ақ жол»
- 18 маусым, 2014
- 287
Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады, солтүстікте, солтүстік-батыста ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік-батыста кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай облысында түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Жамбыл облысында, кей жерлерде Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады. Республиканың батысында, оңтүстігінде, кей жерлерде оңтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі және шығысындағы тау өзендерінде судың құбылуы күтіледі, Батыс Алтайдың кей өзендерінде су деңгейі көтеріледі.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді