ЖАҢА РЕБРЕНДИНГІМІЗ – «AQ JOL» ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Ардақты ағайын! Құрметті оқырман! Ел газеттерінің арасынан ең бірінші болып ребрендинг (брендті өзгерту) жасап, өздеріңіздің сүйікті газеттеріңіздің «Ақ жол» деген атауын латын қарпіндегі жаңа әліпбиімізбен жазып, игілікті істе көшбасшы болып отырмыз. Оған, әлбетте, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығы негіз болды. Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ?!. –
деп түріктің танымал ақыны Назым Хикмет жырлағандай, егемен еліміздің рухани жаңғыруы жолындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлағатты ойын, байыпты байламын Сіз бен Біз қолдамағанда, кім қолдайды?! Сіз бен Біз насихаттамағанда, кім насихаттайды?!
Құрметті оқырман!
Егер қоғамдық өміріміздегі өздеріңізді толғандырған кез келген тақырыптағы жаңа әліпбиімізбен жазылған ой-пікірлеріңіз, мақала, әңгіме және жырларыңыз болса, онда оларды редакциямыздың электронды поштасына осы бастан жолдай берулеріңізге болады. Тек бір ғана өтініш: өте қысқа болсын! Өйткені, ұзақсонар дүниелерді жаңа әліпбимен оқуға оқырмандар әлі дайын емес. Сондықтан, ә дегенде өте қысқа жазбалардан бастаған жөн.
Сонымен...
Ғасырға жуық шежіресі бар ата басылымдарыңыздың жаңарған, жаңғырған жаңа ребрендингі (бренді) – «AQ JOL» құтты болсын!Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




