Қоғамдық пікір – орасан күш

Қоғамдық пікір – орасан күш
ашық дереккөз
Қоғамдық пікір – орасан күш
DSC_8689Жұмагүл ТЫНАЛИЕВА, «Аққайың» балабақшасының меңгерушісі, грек-рим күресінен Азияның және Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы Нұрмахан Тыналиевтің анасы.

Қай кезеңде болмасын қоғамның ілгерілеуі мен дамуына сүбелі үлес қосатын баспасөз құралдарының атқарар міндеті салмақты, жүгі ауыр. Олай дейтінім, баспасөз арқылы халық өзінің туып-өскен ауылы ғана емес, жалпы өңірімізде болып жатқан тың жаңалықтардан құлағдар болады, сол арқылы қоғамдық пікір қалыптасады. Ал қоғамдық пікір дегеніміз – орасан күш. Адамның рухани, саяси, мәдени деңгейін көтеріп, уақыт көшінен қалмауға тәрбиелейтін басылымға деген халықтың сенімі мен құрметі сондықтан да жоғары болмақ. Міне, соның ішінде облысымыздың бас газеті – «Ақ жолдың» орны ерекше. Өңіріміздің айнасы, жақсылықтың жаршысы болып келе жатқан «Ақ жол» газеті жамбылдықтар үшін ерекше ыстық. Облыстық басылым беттерінде алуан мамандық иелерінің ел игілігі жолындағы еселі еңбектері мен өнегелі өмір жолдарынан сыр шертетін тартымды мақалалар да жиі жарық көріп отыратыны қуантады. Осының өзі бізге дем беріп, жанымызды жадыратады десек асыра айтпаған болармын. Газеттің әр санынан қызықты да тартымды мақалалар, жан жадыратар жаңалықтармен қатар, жұртшылықты толғандырып жүрген маңызды мәселелерді оқи аласыз. Оған қоса отбасылық тәрбие, жастар мәселесі мен түрлі тақырыптарға арналған қосымша беттер де адамның рухани жан дүниесін кеңейтуге мол септігін тигізеді деп ойлаймын. Бір сөзбен айтқанда, мазмұны мен көркемдік келбеті көптің көңілінен шығып келе жатқан облыстық «Ақ жол» газетінің журналистеріне, шығармашылық ұжымға алдағы уақытта да табыс тілеймін. Қазір баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр. Осыған орай, ғасырға жуық тарихы бар, рухани досымыздай болып кеткен «Ақ жол» газетіне жазылуды әрқайсымыз өзімізден бастайық, ағайын!

Шу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар