Кез келген мемлекеттің әлеуеті мен даму деңгейі жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстарының ауқымынан-ақ айқын аңғарылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауларында еліміздің алып құрылыс алаңына айналғаны туралы жиі айтумен келеді. Құрылыс саласының экономикамызды алға сүйреуші қуатты күш екеніне қазақстандықтар, оның ішінде жамбылдықтар да айқын көз жеткізуде. Соңғы жылдары «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы бұл мақсатқа қыруар қаржы бөліп, қарапайым халықты баспанамен қамтуда. Заманауи үлгідегі ғимараттардың көптеп бой көтеруіне байланысты Тараз қаласының аумағы ұлғайып, жаңа келбет-айшыққа ие бола бастады. Бүгінде облыс орталығындағы 14 және 15 шағын аудандардан бөлек «Көк аспан» деген атаумен жаңа тұрғын үй кешені бой көтеруде. 2018 жылы өңірдегі ең бір өзекті мәселе – баспана жайы оңтайлы шешімін таппақ. Сәулеті келіскен, аспанмен тірескен әсем де зәулім үй Абай және Қапал көшелерінің қиылысында орналасқан. Ғимараттың орын тепкен аумағы тұрғындар үшін де ыңғайлы, орталыққа жақын. Инфрақұрылымы жүргізілген. Ландшафты дизайны да үйлесімді. Ал тұрғын үй құрылысы жұмыстарының сапасына келер болсақ, 3 класты комфортты, өте сапалы материалдар қолданылуымен жүргізілуде. Бұл нысанның құрылыс жұмыстарын жүзеге асырушы мердігерлік мекеме – елімізге танымал «Құрылыс ТЭД» компаниясы. Тоғыз қабатты, 108 пәтерлі тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 165 мың теңгеден айналып отыр. Есікалды балалар және спорт алаңшалары, жапондық дыбыссыз лифт, көлік тұрағы болуы да қарастырылмақ. Үй аумағы күндіз-түні бірдей бейнебақылаумен қадағаланатын болады. Мұның бәрі қарапайым тұрғындар үшін игілік екені анық. Ең бастысы, жаңа тұрғын үй кешені – жер сілкінісіне төзімді. Бұл – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен «Құрылыс ТЭД» компаниясының бірлескен жобасы. Бұл үй сізге ұнай ма? Ұнаса, тездетіп банкке хабарласып, үйді брондауыңыз, ол үшін үй құнының 30 пайызына жетерлік қаражат жинақтауыңыз қажет. Қалғанын сол үйде тұрып жатып, 5 пайыз көлемінде өтеуге де болады. Тағы бір айта кетерлігі, бұл тұрғын үй кешенінен пәтер ала отырып, бала-шағаңыздың қауіпсіздігі мәселесіне де алаңдамайсыз. Өйткені, жоғарыда айтып өткеніміздей, бейнебақылаумен бірге, үйдің арнайы күзеті де қарастырылған. Әрі үйдің ішкі дизаин-интерьерін, бөлмелердің орналасуын қалауыңызша өзгертіп, жөндеу жұмыстарының да сапасын бақылап, бұл іске тікелей өзіңіз атсалыса аласыз. Сонымен, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» салымыңыз бар ма еді? Жоқ болса, ертерек салымшот есебін ашыңыз. Оған ай сайын біртіндеп қаражат салып жинақтаңыз. Сіздің жинақтаған салымыңызға ай сайын банк тарапынан – 2, жылына бір рет мемлекет тарапынан 20 пайыздық сыйақы қосылады. Онда не тұрыс? Бастапқыда қажет етілетін қаражат сомасын жинақтап, пәтер үйді ертерек брондап, сәулетті де зәулім «Көк аспан» тұрғын үй кешенінен жаңа да жайлы баспана алуға асығыңыз!
Бердияр ҚҰТТЫБАЕВ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының сату және дамыту бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді