Жаһан
Министр ҰБТ сұрағы бойынша кешірім сұраған оқушы туралы пікірін жеткізді
- author «Ақ жол»
- 17 маусым, 2014
- 869
Министр ҰБТ сұрағы бойынша кешірім сұраған оқушы туралы пікірін жеткізді
Балаларға қысым көрсетуге болмайды. Бұл туралы кеше Алматыда Білім министрі Аслан Сәрінжіпов айтып, министрліктен кешірім сұраған оқушы туралы өз пікірін жеткізді.
"Балаларға қысым көрсетуге болмайды. Алайда өз қатесін түсініп, кешірім сұрауды дұрыс деп санаймын. Бірінші кезекте өтірік айтудан алыс болу керек", - деді ол. Аталған мәселенің бүкіл республикаға жария болуын министр мекеменің баспасөз қызметінің жіберген қателігі деп түсіндірді."Журналистерден де балаларға қатысты ақпаратты таратуда абай болуларын сұраймын. Сюжет дайындағанда мәселе психикасы нәзік балалар туралы болып жатқанын ұмытпау керек", - деді министр. Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігінің сайты петропавлдық түлек Айнұр Серіктің Аслан Сәрінжіповтан кешірім сұрап жазған хатын жариялаған болатын. Хатта Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының түлегі Айнұр Серік 31 арнаға берген жалған ақпараты үшін кешірім сұраған. Биылғы жылғы ҰБТ тапсырмаларының барлығының мектеп бағдарламасына сай келетіндігін, барлық сұрақтардың дұрыс жауабының болғанын, дұрыс құрылмаған сұрақтың болмағанын жеткізген. Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын 31 арнаға берген сұхбатында Айнұр Петропавлда сұрақтардың дұрыс болмағаны себепті көптеген түлектер "Алтын белгіні" ақтай алмаса, кейбірі 50 баллдық межеге де жетпегенін айтқан болатын.
Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




