Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қауіпті өндірстік нысандарды міндетті декларациялау апаттар мен оқыс оқиғалардың орын алу тәуекелдерін төмендетуде ерекше маңызға ие. Қауіпті өндірістік нысанның өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы дегеніміз – Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 1-бап, 31-тармағында көрсетілген қауіпті өндірістік нысан қауіптілігінің сипаты мен ауқымы, оның пайдалануға берілуі, жұмыс істеуі мен пайдаланудан шығару кезеңдерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өндірістік құбылыстардың зиянды әсерінен халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар көрсетілген құжат. Өндірістік нысандарды декларациялау мәселесі бойынша өткен брифингте Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаментінің бөлім басшысы Даниярбек Түсіпов осындай түсінік берді. Декларациялауға жататын нысандар «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 76-бабының 1-тармағына және Үкіметтің 2014 жылғы 31 шілдедегі қауіпті өндірістік нысандарды декларацияланатын нысандарға жатқызу өлшемдерін бекіту туралы қаулысына сәйкес анықталады. Декларация жобаланатын және жұмыс істеп тұрған қауіпті өндірістік нысандар үшін әзірленеді. Оны әзірлеу тәртібі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-2-бабының 19-тармақшасына сәйкес, Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген. Д.Түсіпов осы аталған тәртіпке сәйкес нысанның сарапшы-мамандарымен бірлескен жұмыс тобы құрылуы, сондай-ақ, нақты іске асырылуы үдерісі жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді. Декларацияны әзірлеу кезіндегі жұмыс тобының мақсат-міндеттері туралы да кеңінен тоқталды. Қауіпті өндіріс нысанының өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты болып табылады. Декларацияға тіркеу шифрын алу үшін өтініш иесі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға электрондық құжаттар нысанында өтініш пен декларацияны сараптама қорытындысының сканерленген көшірмесін бірге береді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдайды немесе уәжді бас тартуды ұсынады. Тіркелген декларацияның тізбесі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. Баяндамашы Үкіметтің «Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы» Қаулысымен бектілген қауіпті нысандардың атын атап, түсін түстеп шықты. Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да департамент қызметкерлері Д.Түсіпов пен Б. Алтеев тарапынан тұшымды жауаптар қайтарылды.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді