Жаһан
Ақорда Назарбаевтың Головкин - Альварес жекпе-жегін көріп отырған сәтінің суретін жариялады
- author «Ақ жол»
- 17 қыркүйек, 2017
- 948
Ақорда Назарбаевтың Головкин - Альварес жекпе-жегін көріп отырған сәтінің суретін жариялады
Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегін көріп отырған сәтінің суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасындағы мемлекеттік сапары кезінде тікелей эфир арқылы Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өткен қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін көрді", - делінген Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында. Айта кетейік, бүгін Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды. Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




