«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бір жерден бірнеше қызмет көрсетіледі

Бір жерден бірнеше қызмет көрсетіледі
ашық дереккөз
Бір жерден бірнеше қызмет көрсетіледі

Без-имени-16Ауданда жаңа нысан тұрғындар үшін есігін айқара ашты. Сәулеті мен сәні келіскен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ғимаратының ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Досаев қатысып, сөз сөйледі. – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бағдарламасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құруды, яғни, халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге біріктіруді тапсырған болатын. Міне, сол тапсырманы жүзеге асырып, жаңа нысанды ел игілігі үшін пайдалануға беріп отырмыз. Жуырда аудандағы төрт бірдей ауылдық округте ветеринариялық пунктер ашылмақ. Біздің міндетіміз – мемлекеттік бағдарламаларда көзделген тапсырмаларды іске асырып, тұрғындардың тұрмысын жақсартып, түйткілді мәселелерді шешу. Осы үдеден шыға білсек, төгілген тердің босқа кетпегені деп білеміз, – деді Қайрат Әскербекұлы. Бұл ғимаратта мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдер мен мекемелер бір нүктеге топтастырылатынын айта кету керек. Нақтырақ айтқанда, нысанның бірінші қабатында орналасқан аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, облыс бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шу аудандық бөлімі, сондай-ақ екінші қабаттағы Төле би ауылдық округі әкімінің аппараты мен жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімшесі аудан тұрғындарына қызмет етпек. Осылайша, шулықтарға бір ғана нысаннан бір мезетте 570-ке жуық мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады. Аудан орталығында орналасқан Төле би ауылдық округінің әкімдігі жергілікті қазынадан қаржы бөліп, ұзақ жылдар бойы пайдаланылмай тұрған ғимаратты толықтай сатып алып, онда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл ең алдымен аудан әкімінің қолдауымен атқарылған іс екенін айта кеткен жөн. Нәтижесінде бұрын жеке меншікте болған ескі нысан сәулетті ғимараттардың біріне айналды. Енді Елбасының тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың алтынға бергісіз уақытын үнемдеп, әуре-сарсаңға салмай, сұраныстарын қанағаттандыруға зор мүмкіндік тумақ.

Ерғали қартайған, «Ақ жол».

Шу ауданы.

Суреттерді түсірген Петр Норкин.

Ұқсас жаңалықтар