"Канеломен" жұдырықтастым, ол шаршап қалған Головкинді жеңеді - Әмір Хан
- author «Ақ жол»
- 16 тамыз, 2017
- 743
Бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы ұлыбританиялық боксшы Әмір хан бұрынғы қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) пен WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. "Меніңше, "Канело" расында да күшейді, ал Головкин, керісінше, кішкене шаршап қалды, қартайды. Адамдар оның бұрынғыдай мықты емес екенін көріп отыр. Осы жекпе-жекте "Канело" жеңеді", - деді Әмір Хан. Сондай-ақ, ол "Канеломен" өткен жекпе-жегі жайлы айтып өтті. "Мен онымен жақында ғана жұдырықтастым, ол расында да жақсы боксшы. Сондықтан ол Головкинді жеңе алады деп ойлаймын. Көбі мұны естіп, күліп жатыр. Бірақ солай болады. Адамдардың барлығы Головкиннің күші жайлы айтып жатыр, бірақ "Канелоның" да күші бар. Ол да жұдырықтаса алады", - деді Хан Worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында. Әмір Хан -"Канело" жекпе-жегі 2016 жылдың мамыр айында өткен болатын. Еске салайық, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




