Ғалымдар Чилиден табылған "Франкенштейн" динозаврды зерттеді
- author «Ақ жол»
- 16 тамыз, 2017
- 1.0k
Тираннозаврларға ұқсайтын Чилидегі "Франкенштейн" динозаврдың "эволюция кезінде жоғалып кеткен жануар" екені анықталды. Бұл туралы Biology Letters журналында жарияланған мақалада айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости. "Чилезавр динозаврлардың ішіндегі ең ерекшесі әрі ең қызықты түрі болып саналады. Сондай-ақ, динозаврдың бұл түрі бізге динозаврлардың қалай таралғанын түсінуге көмектеседі", - дейді палеонтолог Пол Баретт (Paul Barett). Геологтардың бірі экспедиция кезінде кездейсоқ бір динозаврды көріп қалған. Сол кезде ғалымдар оған бірден "Франкенштейн динозавры" деп ат қойған. Чилезавр деп аталатын үш метр болатын жануар құрылысы жөнінен тетанурларға (Tetanurae - жабайы динозаврлар) өте ұқсас екен. Сондай-ақ, ғалымдардың айтуынша, чилезаврлар басқа да бауырмен жорғалайтын жануарларға ұқсайды.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




