Бұл өмірде қуаныш пен қайғы қатар жүруі заңдылық қой. Бір кездері қыз ұзатып, келін түсіріп қуаныш пен шаттыққа кенеліп жатсаң, енді бірде жақын-жуығыңнан айырылып, қайғыға батасың... Өткен 2016 жыл мен үшін сондай қиын, ауыр жыл болды. Сол жылдың маусым айында 48 жастағы балам қайтыс болса, шілде айында 50 жылға жуық отасқан жарым 66 жасқа қараған шағында дүние салды. Осындай сын сағатта адамға демеу білдіріп, қиын шақта қолдау білдірген азаматтарға Алла бар жақсылығын берсін деп тілейсің. Менің басымдағы сол бір қайғылы кезеңде аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков бастаған оның орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалының жетекшілері, Жамбыл, Сарымолдаев сынды ауылдардың әкімдері қайырымдылық жасап, өз қалталарынан қаржылай көмек көрсеткен болатын. Жыл асса да сол жақсылықтарын үнемі есімнен шығармай, әрқашан алғыс айтумен жүремін. Олардың еңбектеріне табыс тілеймін, ғұмыр жастары ұзақ болсын!
Әшен Қырғабақұлы, зейнеткер.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




