«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ардагерлер алғысы шексіз

Ардагерлер алғысы шексіз
ашық дереккөз
Ардагерлер алғысы шексіз

Күллі әлемнің назарын өзіне аударған халықаралық ЭКСПО көрмесіне Тараз қаласы ардагерлерінің саяхаттап барып-қайтуы үлкен әсер қалдырды. Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдияр Түсіповтің жетекшілігімен бір топ белсенді ардагерлер – қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы тұрақты комиссия төрағалары мен бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары Астанаға барып, облыстың мәдениет күндеріне қатысып, ЭКСПО павильондарын тамашалап қайтты. Тараздық ардагерлер алғашқы күні алдымен алаштың хас батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішінің алдына барып, оның рухына тағзым етті. Ескерткішке гүл шоқтарын қойып, естелікке суретке түсті. Одан кейін «Хан шатыр» ғимараты алдындағы ойын-сауық орталығы маңындағы алаңға орналасқан «Тараз – тарихтың алтын діңгегі» атты көрмені тамашалады. Үш күнге созылған саяхатта қариялар Астананың символына айналған «Бәйтеректен» бастап, шаһардың көптеген көрікті жерлерін көзбен көрді. ЭКСПО қалашығы тараздық қарттардың есінде ұмытылмастай сақталатын болады. Осыншама ауқымды іс-шараларды өткізу барысында ардагерлердің уақытында демалып, жүріп-тұруына бағыт беріп және уақтылы тамақтануына қамқорлық жасаған Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет мырзаға ардагерлердің айтар алғысы шексіз. Түйіндей келгенде, еліміздің бүгінгі көркейген келбетін көзбен көріп қайтқан ардагерлер көтеріңкі көңіл-күймен оралды.

Алдаберді МАҚАШЕВ, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Ұқсас жаңалықтар