Өмірге құштарлық қиындықты жеңуге жетелейді
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы көпшілік арасында серпіліс туғызған еді. Осы ішкі рухани үндестікті көңілі қаяу, мүмкіндігі шектеулі жандарға жеткізу мақсатында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында облыстағы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізетін мекемелер арасында «Бірге жеңеміз» эстафеталық іс-шара ұйымдастырды. Аталған шараны облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ашып, Елбасы мақаласының мәніне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Эстафетаға 7-18 жас аралығындағы 15 мүгедек бала қатысты. Іс-шарада қызмет алушылар көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынды. №1 және №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарының қызмет алушылары Талғат Аманбеков және Қайрат Абдуллаев шырқаған «Қазақтай ел қайда?!», «Алға, Қазақстан» және Кристина Волоскова мен Ахат Бурбековтің орындауындағы «Қазақстаным жайлы мекенім» және «Жаса қазақ!» әндері тыңдарман көңілінен шықты.
Эстафетада үш команда «Бұлақтың көзін аш», «Гүлдерді баптау», «Алтын жебе», «Теңге ілу», «Үңгір тастан өту» кезеңдері бойынша сынға түсті.
Сайыстың мазмұны мен тапсырмалары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасымен, оның ішінде еліміз бен жерімізді, тарихи мол мұраларымызды сақтап қана қоймай, келешек ұрпаққа қалдыру мақсатымен тікелей байланысып, сабақтасып жатты.
Сайыста №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының «Ертөстік» тобы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, облыстық мүгедек балаларды оңалту орталығы мен осы орталықтың филиалынан келіп өнер көрсеткен мүмкіндігі шектеулі балалар мүмкіндіктерінің шексіз екенін көрсетті. Жарыстың жеңімпаз және жүлдегер командаларына кубок және дипломдар табыс етілді. Шара соңында эстафетаға қатысушы балалар аспанға 300 шар ұшырды. Ал демеуші азаматтар балаларға тәттілер үлестірді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді