А.Мигранян: ЕАЭО – жоғары деңгейдегі бірлестік
Еуразиялық экономикалық одақ жоғары деңгейде бірігуді білдіреді, онда капитал, еңбек, тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы күтілуде. Тиісінше, жаңа шарт бойынша бірнеше кезеңде келісімдер мен хаттамаларға қол қойылады. Бұл туралы Pravda.Ru-ға берген сұхбатында ТМД елдері Институты экономика бөлімінің басшысы Аза Мигранян атап өтті.
«Қол қойылған келісім бойынша кезеңділік қарастырылған, түрлі салаларда әртүрлі мерзімдер көрсетілген. Болжаммен, тауарлар мен қызметтердің жекелеген түрлері бойынша құрылған еркін нарықтың пайдасын біз 2018 жылдан бастап 2025 жылдар аралығында сезінеміз. Бұл уақытқа дейін барлық жәйттерді реттеп, тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы үшін құқықтық база құру ұйғарылуда. Ал енді еңбек ресурстары, адамдар мен капиталдың қозғалысымен байланысты мәселелерге келетін болсақ, мұнда да сол мерзімдер қарастырылған. Сондықтан 2015 жылдан қол қойылған шарт бойынша жұмыс, нормативтік-құқықтық базаны құру басталады деп айтуға болады», - дейді А.Мигранян.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




