Р.Алшанов: Астана – халықаралық әлемдік диалогтар алаңы
Биыл қазақстандықтар ел тарихындағы маңызды оқиға – елорданың 16 жылдығын атап өтеді. ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында бүгінде жас астананың әлемдік диалогтардың маңызды орталығына айналғанын атап өтті.
«Астанадағы халықаралық экономикалық форумға қатысушылардың өте көп келгенін айта кету керек. Тіпті ол саны жағынан Санкт-Петербург форумынан да асып түсті. Шетелдік қонақтар елдегі тұрақты демократиялық жағдайдың арқасында елордаға қуана-қуана ат басын бұрғандарын атап өтті. Мұның барлығы әлемде қалаға деген көзқарастың өзгеріп келе жатқанын білдіреді. Енді әлемдік қауымдастық Астананы тек әлемнің жас астаналарының біріне ғана емес, сондай-ақ маңызды саяси және экономикалық шешімдердің орталығына, бейбіт диалогтың алаңына жатқызады», - дейді ол.
Рахман Алшановтың айтуынша, мәдени деңгейдің, интеллектуалды және экономикалық әлеуеттің дамуы баяу жүреді деп топшыланған еді. Алайда Астананың дамуы мұны теріске шығарды, қала барлық жағынан қарқынды дамып келеді.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz.
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




