Бүгінде жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына сәйкес мемлекеттік бақылау білім беру қызметіне лицензия беру, білім туралы құжаттарға апостоль қоюмен қатар бірнеше бағытта жүргізіледі. Сондай-ақ, білім мекемелерін аттестациядан өткізіп, осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарының қаншалықты сақталып отырғанын тексереді. Биыл осы мақсатта 52 білім беру ұйымында мемлекеттік бақылау шаралары жүргізілген болатын. Оның нәтижесін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Ускумбаева мәлімдеді. – Департамент тарапынан 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында 52 білім беру ұйымына мемлекеттік бақылау шаралары жүргізілді. 5 жыл сайын тексеріске түсетін орталықтардың қатарында 12 балабақша, 38 орта мектеп және 2 колледж бар. Аттестациялау қорытындысы бойынша 20 мекеменің білім беру стандарттарына сай келмейтіні анықталды. Мектептегі бақылау жұмыстары 3 бағыт бойынша жүргізіледі. Оның алғашқысы 4, 9, 11-сынып оқушыларынан тест қабылдау, екіншісі мұғалімдердің мамандықтарына сәйкес қызмет атқаруы болса, келесісі – мектептің техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін саралау. Стандарттық жүйеге сәйкес, барлық мектептерде әрбір 10 балаға 1 компьютерден болуы шарт. Елбасымыз тапсырғандай, қалалық пен ауылдық мектептердің айырмашылығы болмауы керек. Біз қазір осы бағыт бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Бақылау шаралары нәтижесінде кемшіліктер анықталған мекемелерге 1 ай көлемінде уақыт беріліп, жоспардан тыс тексеріс қайта өткізілді. Ал кемшіліктері толық жойылмаған ұйымдардың ісі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабы 3-тармағына сәйкес сот орындарына жолданды. Департаментке білім беру ұйымдары басшыларының педагогикалық әдеп нормаларына қайшы іс-әрекеттерін айтып, шағымданып келетіндер көп. Қазірдің өзінде жеке тұлғалардан 14 өтініш түсіп отыр. Өтініштердің барлығы қаралып, нәтижесінде 8 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды, – деді Дәмеш Шайхықызы. Брифингте балабақша, мектепке қатысты мәселелер жайында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға Дәмеш Ускумбаева жан-жақты жауап қайтарды.
Әзиза Әзімбекқызы, ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді