Аудан орталығындағы «Махаббат әлемі» әмбебап сауда орталығында аумағы мың шаршы метрді құрайтын «Дәмді себет» атты әлеуметтік дүкен ашылды. Бұған дейін ауданда азық-түлігінің бағасы нарықтағыдан 10-20 пайызға арзандатылған дүнгіршектер жүйесі ашылған-ды. Ал мына аумағы атшаптырым деуге келетін әмбебап супермаркет тұтынушылар үшін айрықша сый болды. «Мұнда не бар дегеннен гөрі, мұнда не жоқ дейтіндей» көз жауын алатын әрі сапалы тауарлары бағасының қолжетімділігімен де көпшілікті қуантып отыр. Біз де аралап көрдік, араладық та тауарлардың көптігі мен алуантүрлілігіне, сұранымды толық өтей алатындығымен, талғамға, таңдауға сай келетін күнделікті азық-түлігінің молдығымен, бағаларының да базар бағасынан айтарлықтай төмендігімен ерекшелетіндігіне тәнті болдық. – Бұл – өңірдегі «Дәмді себет» сауда жүйесінің он алтыншы сауда орталығы. Осындай бір сауда орны Саудакентте, қалғаны Тараз қаласында орналасқан, – дейді басқарушы Исатай Оразов. Аталған дүкендер жүйесінің басшысы Алмаз Төлтаев екен. Бұл сауда орны да талғамнан шығарлықтай. Сөрелерге рет-ретімен, талғаммен сықастыра қойылған тауарлар көздің жауын алады. Айнала мұнтаздай таза, ілтипатты қызмет көрсету үлгісіне, талғам мен тазалыққа, тұтынушыға жасалған қолайлылыққа риза болмасқа амалыңыз қалмайды.
Бізден бұрын келіп сауда жасаған тұтынушының бірінің: «Іші кірсе шыққысыз екен, әсіресе, сауда жасауыңызға өте қолайлы, дәмді, тәтті атаулының молдығынан, бағаларының қолжетімділігінен болар, қанша дүние алғаныңызды да байқамай қаласыз, қажетіңізді бір демде-ақ өтеп, көңіл демдеріңіз бар», – деген сөзіне шүбә келтірмедік.
Келушілерге мұнда отыз адам қызмет көрсетеді екен. Дүкен басқарушысы: «Бізде жыл – он екі ай бойы тауарлардың белгілі бір түріне акциялар өткізіліп тұрады. Ал супер акциялар кезінде бағалар 40-50 пайызға дейін арзандайды» дейді. Өсімдік майларына, сусындарға, химиялық жуу заттарына, нәрестелерге арналған бұйымдарға, ұн, макарон өнімдеріне, шәй-тәттілерге, бір сөзбен айтқанда, көпшілік сұранысына ие тауарларға жарияланған акциялардан-ақ басқарушының сөзінің растығына өзіміз де көз жеткіздік. Мұнда азық-түліктің көбі «Қазақстанда жасалған», «Қазақстан», «Баян сұлу», «Гүлдер» атты дәмі тіл үйірер конфеттер, «Асқан», «Олейна», «Заречная» сияқты өсімдік майлары өзіміздің отандық өнімдеріміз. 4,5 литр майдың бағасы – 1395 теңге. Жоғарыда айтқанымыздай, 1000 шаршы метр аумақты алып жатқан сауда орны келушілердің көптігімен ерекшеленіп, өзге сауда орнына үлкен бәсекелес болатындығы, олардың да бағаны негізсіз өсіре бермеуіне ұйытқы болары даусыз. Аудан тұрғындары түгел хабардар болғанда, басқа дүкендер бағаларын түсірмеске амалдары қалмасы анық. Иә, сауда дегеніңіз – нағыз бәсекелестікке ие орта. Оған әркім шыдас бере де бермейді. «Дәмді себет» дүңгіршектер жүйесінің қызметі меркіліктерге жыл келгендей жаңалық сыйлауда. Бұдан бұрын есігін айқара ашқан төрт қабатты «Мега» ойын-сауық, сауда орны аудан орталығының ажарын ашып, өркениеттік үлгі-үрдіске жетелесе, «Себеттің» сапалы тауарлары меркіліктерді, келген қонақтарды да бар шырайымен, тіл үйірер тәтті, дәмдісімен қуантары даусыз.
Меркі ауданы.
Серік құралбай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді