Полиция және БАҚ
Облыстық ІІД-де өткен салтанатты жиында департамент басшысы, полиция генерал-майоры Тлеген Маткенов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Журналистер біздің жұмысымыздан хабардар. Барлығымыздың бір ғана мақсатымыз – бірлескен әрекеттер арқылы қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әрқашанда бізбен бірге болып, ведомство тарапынан ұйымдастырылған шаралардың жарық көруіне атсалысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Біздің байланысымыз бұдан әрі нығая түседі деген ойдамын», – деді Т.Маткенов.
Қазақстан полиция-сының 25 жылдығына орай жарияланған «Полиция және БАҚ» байқауының қорытындысы да осы басқосуда жарияланды. Байқаудың «Үздік видеосюжет» аталымы бойынша «Хабар 24» телеканалының облыстағы меншікті тілшісі Р.Абдуалиев, «Үздік баспа мақаласы» аталымы бойынша республикалық «Айқын» газетінің меншікті тілшісі, қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редакторының міндетін атқарушы Е.Әбдиев, «Үздік интернет-мақала» аталымы бойынша «Казинформ» халықаралық ақпарат агенттігінің меншікті тілшісі Г.Скрипник бірінші орынды иеленіп, оларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Байқаудың бас жүлдесін «Время» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Г.Выборнова иеленді.
Сонымен қатар полиция генерал-майоры Т.Маткенов ұзақ жылғы әріптестік пен ақпараттық қолдау үшін облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», «Арай» газеттерінің бас редакторлары мен өзге де БАҚ өкілдерін марапаттап, сый-сияпаттар табыс етті. Салтанатты шарадан соң, журналистер полиция күніне орай департаментте ашылған заманауи музейді аралады.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді