Коммунистер журналистерді марапат тады
Журналистердің кәсіби мерекесіне орай Қазақстан коммунистік халық партиясы төртінші билік өкілдерімен кездесу өткізіп, қаламы қарымды, жазғаны мірдің оғындай өткір журналистерді құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
«Журналистер қауымын төл мерекесімен құттықтай отырып, олардың елімізді көркейтуге өлшеусіз үлес қосатынына сенімім мол. Осы орайда, Қазақстан коммунистік халық партиясы да халықтың көзі һәм құлағы болған журналистермен етене қызмет етіп келеді. Еңбектеріңіз жандана берсін!», – деп құттықтады Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы, «Тараз таймс» газетінің бас редакторы Жарылқасын Нұралиев.
Партия өкілдерінің айтуынша, жыл өткен сайын олар халықпен тығыз жұмыс істеп, ел үшін аянбай тер төгіп келеді. Мәселен, ҚКХП құрған «Шапағат» қайырымдылық акциясы облыс жұртшылығына жақсы мәлім. Партия өкілдерінің айтуынша, күз, қыс мезгілдерінде мекеме есігінің алды кісіден босамайды екен.
Бүгінгі таңда Қазақстан коммунистік халық партиясының құрамында облыс бойынша 7500-дей мүше бар. Сонымен қатар Сарысу ауданында 1 мәслихат депутаты, 9 бастауыш ұйымы тіркелген. Партияның бірінші хатшысы Жарылқасын Нұралиев алдағы уақытта мүшелер санын 10 мыңға дейін жеткізу жоспарда бар екенін айтты. Сондай-ақ, халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізу жұмыстары да тоқтамайтынына уәде берді.
Абай ОТАР, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




