Бұл табыстарға біздің өңірдің де қосып отырған үлесі өте қомақты. Облысымыздың барлық саласында өрлеу, өркендеу бар. Мұның барлығы жамбылдық жұртшылықтың берекелі бірлігінің, ынтымақты тірлігінің – жемісі. Айт мерекесі адамдардың арасын жақындатады. Халықты бірлікке, ынтымаққа, татулыққа үндейді. Сондықтан бұл діни мерекенің маңызы зор. Айт құтты болсын! Әр шаңыраққа береке, амандық, шаттық, абырой тілеймін, – деді облыс басшысы. Бұдан соң мыңдаған жамағат облыстың бас имамына ұйып, айт намазын оқыды. Айт намазынан кейін әруақтарға бағышталып құран оқылды. Айт намазы облыстың барлық мешіттерінде бір мезгілде оқылды. Әр аудан, ауылдарда да Ораза айт мерекесін көпшілік үлкен қуанышпен қарсы алды.
Есет досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




