Дүйсенбек ЫБЫНАЛИЕВ, «Заң» ЖШС-ның директоры, «Қазақ қымызы» қауымдас-тығының төрағасы.
Астана халықаралық әуежайының «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы болып қайта аталуын біз де қуана құптаймыз. Шын мәнінде де еліміздің өз алдына жеке шаңырақ көтеріп шыққалы бергі ширек ғасырдан астам уақыт ішінде өз аяғына нық тұрып, бүгінде азуын айға білеген мемлекеттермен бәсекелестікке қабілетті елге айналып отырғаны Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегімен тығыз байланысты. Елбасының тарихи дамуымыздағы рөлі де ерекше. Дәл бүгінгі өмір өңіміз түгіл, түсімізге де кірмеген. Десе де, Елбасының көреген саясатының арқасында қазақстандықтардың өмірі тез өзгерді. Міне, бүгінде егемен еліміз әлемнің озық елдерімен бәсекеге түсіп отыр. Қазіргі таңда дүние жүзінің халқы әлем картасынан Қазақстанды, оның Президентін, Елордасын жазбай таниды. Тәуелсіздігімізге қол жеткізгенге дейін қазақтың аты әлемге қазіргідей тым танымал емес-ті. Жас мемлекетіміздің қысқа уақытта қол жеткізген жетістіктері көптеген елдердің бір ғасырдан астам уақытта жетпеген көрсеткіштері деуге негіз бар. Мұның барлығы да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен сара басшылығының арқасында мүмкін болды. Еліміздің бүгінгі жайнаған, жасарған, өзгерген келбет-бейнесін көріп, тамашалауға қызығушылық танытушы шетелдіктер аз емес, Елордамызға ағылып келіп те жатыр. Міне, солар ел астанасына бас қақпасы арқылы аяқ басқан сәттерінде, әуежайға берілген әлемге танымал тұлға, Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаев есімінің олардың құлағына майдай жағып, көңілдеріне айрықша әсерлер сыйлайтыны анық. Елімізде бүгінгі таңда Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері табысты жұмыс істеп жатыр. Барлық облыс орталықтарында ҚР Тұңғыш Президенті саябағы бар. Түркия елінің Стамбул қаласында Ататүрік әуежайы бар. Осы тұрғыдан алғанда халықаралық әуежайымыздың Нұрсұлтан Назарбаев деп аталып, мемлекеттер, халықтар арасындағы алтын көпір, ұлы дәнекер болып, елге мінсіз, жоғары сапалы, үлгілі қызметін ұсына беретініне бек сенімдіміз. Елбасына құрмет – елге құрмет деп білеміз.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді