Жаһан
Қазақстан халқы Ассамблеясы КО елдерінің қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтарына көмектеспек
- author «Ақ жол»
- 13 маусым, 2014
- 952
Қазақстан халқы Ассамблеясы КО елдерінің қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтарына көмектеспек
Қазақстан Халқы Ассамблеясы Кеден одағы елдерінің қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтарына көмектесуді жалғастырады.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков айтты.
«Тура бір жыл бұрын мен Омбыдағы Достық форумына қатыстым. Сонда біз Омбы облысының басшылығына осындай мәселені айтып едік, олар келісімін берді. Енді Беларусь елінде осы жұмысты қолға алмақпыз», - деп атап өтті ол.
Депутаттың айтуынша, Омбыда қазақ мектептерін ашу мүмкіндігі жоқ жерлерде қосымша факультативтер жүргізіледі, университеттерде қазақша білім беретін мұғалімдер де дайындалуда. «Сонымен қатар, радио мен теледидардағы қазақ тіліндегі бағдарламалардың да уақыты көбейіп келеді», - деп атап өтті А. Башмаков.
Ал ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, келесі жылы Ассамблея Минск және Мәскеу қалаларында бірқатар шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




