«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Керуен тартып, көшін керген...

Керуен тартып,  көшін керген...
ашық дереккөз
Керуен тартып, көшін керген...

«Көне Тараздан – Асқақ Астанаға» этнографиялық керуені Құланға жетті

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Көне Тараздан – Асқақ Астанаға» атты этнографиялық керуен көшін түзеп, Астанаға бет алған болатын. Елордамыз Астанада жалауы желбірейтін ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне тараздықтардың сәлемі мен аманатын арқалаған олар Тұрар Рысқұлов ауданына келіп жетті. Қашанда қонақжай қалпынан танбаған құландықтар керуенді бастаған азаматтарды үлкен жауапкершілікпен күтіп алды. Бірнеше алты қанатты қазақ үй тігілген дендросаябақ маңын құландық өнерпаздар ала таңнан думанға бөледі. Ұлттық киімдегі апайтөс, атан жілік жігіттер арқан тартысып, мәре-сәре күй кешсе, ұлттық ою өрнектегі киімі бойына сай жарасқан қыпша бел, талдырмаш денелі сұлулар мен қолына домбырасын алып, ұлттық әндер мен ауылдың алты ауызын бебеулеткен қазақтың сері жігіттері алтыбақан басына топталып, жиналушылардың көңілін аулады. Ауыл халқы үшін түйелі көш қызық көрінді. Әдетте, Құлан жерінде түйе малы кездесе бермейді. Содан болса керек, дендросаябақ маңына таяған қонақтарға жергілікті жұртшылық таңдана қарады. Қолына құс қондырған, ұлттық киімі бойына жараса кеткен жауырыны қақпақтай батырлармен және түйелі көшпен суретке түскен аудан халқы мәре-сәре күй кешті. Шара барысында келін түсіру, ат тергеу секілді ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптелді. Жергілікті өнерпаздар мен Тараз шаһарынан келген меймандар бебеулете ән шырқап, елдің көңіл-күйін көтерді. Түйіп айтқанда, құландықтар қонақтарды жылы шыраймен қарсы алды.

Т. Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар