Жаһан
Қ. Жақыпов ТҮРКПА-ға Елбасының АҚДҰ құру туралы идеясын қолдауға ұсыныс жасады
- author «Ақ жол»
- 13 маусым, 2014
- 217
Қ. Жақыпов ТҮРКПА-ға Елбасының АҚДҰ құру туралы идеясын қолдауға ұсыныс жасады
Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының 5-пленарлық отырысында сөз алған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов бірқатар ұсыныстарды алға тартты.Солардың бірі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Шанхайда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 4-саммитінде АӨСШК негізінде Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымын құру туралы идеясын қолдауға қатысты болды.
Қабиболла Жақыпов: «Аталған ұйым Азия кеңістігіндегі бейбіт даму үдерісін қамтамасыз етуде маңызды құралдардың біріне айналары сөзсіз. Сондықтан біздің Ассамблеяның осы бастаманы қолдап, өз ұсынысын енгізетініне сенім зор», - деді.
Мәжіліс Спикері сондай-ақ, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия елдері парламентшілерінің түркітілдес елдер жастарының білім саласына қатысты көтерген сұрақтарына да назар аударды.
Қабиболла Жақыпов, ТүркПА ықпалын одан әрі күшейтудің маңыздылығын сөз ете келіп: «Біздің елдеріміз парламенттері ынтымақтастығының ұзақмерзімді стратегиясы қажет. Осы жолда «Түркітілдес елдер парламенттері ынтымақтастығын дамытудың жол картасын» әзірлегеніміз жөн болар еді. Онда көпжақты ынтымақтастықтан басқа, біздің заңнамаларымызды одан әрі үйлестіруге бағытталған жеке тараулар болады»,-деді Мәжіліс Төрағасы. Ақпарат көзі: www.kazinform.kz |
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді