Қазақстанда санитарлық талаптар саны төмендеді
Қазақстанда нысандарды қолдану барысында қойылатын санитарлық талаптар саны төмендеді. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлім етті.
«ҚР Президентiнің Жарлығы бойынша бiз санитарлық нормалардағы санитарлық талаптар санын төмендетiп жатырмыз. Қазіргі уақытта ҚР Өңiрлiк даму министрлiгiмен бiрлесіп жұмыс iстеп жатырмыз. Бүгiнгi күнi тексеру қағаздарындағы талаптарды 57%-ға қысқарттық. Бiздiң агенттiк ұсынып отырған амал-тәсiлдер ӨДМ әзiрлеген кәсiпкерлiк қызметке арналған жағдайларды жақсартуға қатысты заң жобасының тұжырымдамасы аясында жасалған», - дейдi Ж.Бекшин.
Оның айтуынша, санитарлық ережелердi құру бойынша бiрыңғай амал-тәсiлдер қолданылады.
«Бұл конструктивтi бөлiк жобалау үшiн жер учаскелерiн беру кезiнде қолданылады. Санитарлық эпидемиологиялық станса талаптарының жалпы көлемi 20%-ды құрайды, ал екiншi бөлiгi ең төменгi санитарлық талаптар болмақ. Олар нысанды қолдану барысында қойылады», - деп толықтырды ол өз сөзін.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді