Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Кездесу барысында банктің Қазақстандағы қызметі, соның ішінде еліміздегі түрлі жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселелері талқыланды», - делінген ақпаратта.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен ЕҚДБ арасында серіктестік туралы негіздемелік уағдаластық жасалғанын, ол біздің ел мен аталған қаржы ұйымының ынтымақтастығын кеңейтуге зор мүмкіндіктер тудыратынын атап өтті.
«Қазақстан экономиканы дамытуға 1 триллион 600 миллиард теңге бөледі, осынша сомадағы инвестициялар өзге көздерден де тартылатын болады. Мен Банктің Қазақстанмен жемісті жұмыс істегенін білемін. Біздің өзара ынтымақтастығымыз жалғасады деп үміттенемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
ЕҚДБ Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі 34 елде, сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі мемлекеттерінде жобаларды қаржыландырады.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




