«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қалалық ардагерлер кеңесі сенімді ақтауда

Қалалық ардагерлер кеңесі сенімді ақтауда
ашық дереккөз
Қалалық ардагерлер кеңесі сенімді ақтауда
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Тараз қалалық филиалының атқарған жұмысын санамалап шығу мүмкін емес. Бірақ, аумақтағы ардагерлер қозғалысының құрылу, қалыптасу кезеңдерінде басы-қасында болған А.Қалтаев, М.Зәуірбеков, Х.Яшев және Ж.Тәжібаев сияқты азаматтардың аты-жөндерін атамай кетуге болмас. Бүгінде Тараз қаласында 42 мың зейнеткер тұратын болса, олардың 38584-і қалалық ардагерлер кеңесіне қарасты 317 бастауыш ардагерлер ұйымының есебінде тұрады. Тіркелгендердің 72-сі Ұлы Отан соғысына қатысқан, 2977-сі тыл ардагері, 2 концлагерь тұтқыны, 2-еуі Ленинград қоршауында болған. Есепте тұратындардың 492-сі жеке басты ардагерлер. – Қалалық ардагерлер кеңесінің назарында тұратын басты мәселе – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жағдайы. Бүгінгі таңда қала бойынша 72 соғыс ардагері есепте тұрады. Олар облыс орталығындағы мекеме-ұйымдарға, кәсіпорындарға, жоғары және орта арнаулы оқу орындарына бекітіліп берілген. Солардың қолдау көрсетуімен 90, 95, 100 жасқа толған соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, мерейтойларымен құттықтап, сый-сияпат жасалып тұрады. Бұдан өзге қалалық ардагерлер кеңесі «Жамбыл жастары» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып, жылма-жыл «Жеңіс» акциясын ұйымдастырып келеді. Бекітілген еріктілер соғыс ардагерлерімен хабарласып, оларға қандай көмек түрі көрсетілуі қажеттігін және оны жүзеге асыруға қай уақыттың ыңғайлылығын анықтап, мүмкіндіктері жеткен деңгейде қамқорлық жасауға күш салады – деді бізбен әңгімесінде Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, белгілі қоғам қайраткері Алдияр Түсіпов. Қоғамдық негізде жұмыс істейтін біздің ұйымның кейінгі екі жылдағы тыныс-тіршілігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы сияқты халқымыз үшін елеулі мәні бар үлкен мерекелік даталармен тұспа-тұс келді. Сондықтан қалалық ардагерлер кеңесінің соңғы екі жылдың бедерінде атқарған жұмыс ауқымын өз алдына бір төбе деуге болады. Облыстық ардагерлер ұйымының іргелі күші болып табылатын Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жемісті де белсенді қызметі туралы айтқанда, ардагерлердің белсенділігін көтерудегі Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жұмыс тәжірибесінің «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төралқасында мақұлданып, ел көлемінде таратылғандығына тоқталмай кетуге болмайды. Ал 2016 жылы Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жастарға патриоттық тәрбие берудегі жұмысы республикалық байқауда жоғары бағаланып, бірінші орынды иеленген. Сол сияқты, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, облыстық ардагерлер кеңесі өткізген округтік және бастауыш ардагерлер ұйымдары мен қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері арасындағы байқау-конкурста да бірінші орынды жеңіп алған. Қорыта айтқанда, азаматтық қоғам институттарының негізі болып саналатын үкіметтік емес ұйымдардың бірі ретінде, үнемі өзіне жүктелген міндеттің үдесінен шығып келе жатқан Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің алдағы уақытта да өз жұмысын жандандырып, ардагерлер үмітін ақтай беретіндігіне сенім мол.

Алдаберді Мақашов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Ұқсас жаңалықтар