Н.Назарбаев «2010-2014 жылдарға арналған индустриялық бағдарламадағы шетелдік ивестициялар» көрмесінде болды
- author «Ақ жол»
- 11 маусым, 2014
- 195
АСТАНА-БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында «Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық бағдарламасындағы шетелдік инвестициялар» атты көрмеде болды.
Көрме Ақмола облысының Бурабай кентінде өтуде, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Көрмені аралау кезінде Мемлекет басшысы «Абу-Даби Плаза», «Астана ЭКСПО-2017», «Көк жайлау» тау курорты» және Алматы медициналық орталығы тәрізді жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Сонымен қатар Қазақстан Президентіне Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту және қала сыртындағы Borovoe country club коттедж кентінің, гольф-клубтың, сондай-ақ, Назарбаев Университетінің ғылыми-зертханалық кешенінің жобалары көрсетілді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді