«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Автокөлікті жүргізу үшін берілетін сенімхатты онлайн түрінде алуға болады

Автокөлікті жүргізу үшін берілетін сенімхатты онлайн түрінде алуға болады
ашық дереккөз
Автокөлікті жүргізу үшін берілетін сенімхатты онлайн түрінде алуға болады

Қазақстанның электрондық үкімет порталында ҚР Ішкі істер министрлігінің жаңа онлайн қызметі іске қосылды. Қызмет портал пайдаланушыларына автокөлікті жүргізу үшін берілетін сенімхатты өздігінен алуға мүмкіндік береді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының электрондық қызметтер және сервистер жөніндегі орынбасары Талғат Исмағамбетов жаңа енгізілімнің артықшылығын атап өтті. Оның айтыунша, «бұл үшін интернетке қолжетімділік пен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) ғана қажет. Бұдан басқа, енді нотариус пен ТЕБ-ке жүгінудің керегі жоқ. Өтінім берушіге сондай-ақ белгілі-бір құжаттардың көшірмесін жасау керек емес, электрондық форманың қажетті жолдарын толтырса болды». Қызметті қолдану үшін egov.kz порталында тіркелгеннен кейін «Көлік және коммуникация» тарауындағы «Автомобиль көлігі» салымына кіріп Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеулерді қоспағанда, cенімхат бойынша көлік құралын басқарушы тұлғаларды тіркеуді басу керек. «Онлайн қызметке тапсырыс» батырмасына ауысқаннан кейін пайдаланушы сенім берілген тұлғаның ЖСН, мекенжайын және көлік құралының мемлекеттік нөмір белгісін, сериясы мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік нөмірін көрсету қажет. Содан кейін өтінімге ЭЦҚ көмегімен қол қойылады. Өтінім аз ғана секундта өңделеді, өтінім беруші порталдағы жеке кабинетте дайын сенімхатпен таныса алады немесе басып шығара алады. Қызмет тегін көрсетіледі. Барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады, қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.

Ақпарат көзі: www.bnews.kz.

   

Ұқсас жаңалықтар