Қазақстан спорт мектебінің даңқы асқақтады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада жоғары нәтиже көрсеткен ұлттық құраманың мүшелерін құттықтады.
«Сіздердің қайсарлықтарыңыздың арқасында Қазақстанның жалпыкомандалық екінші орынға қол жеткізуі – елдің биік беделінің, бұқаралық спорттың дамығандығының айқын көрсеткіші.
Қазақстанның спорт мектебінің даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жоғары дайындықтарыңызды, жеңіске деген ұмтылыс пен ерік-жігерлеріңізді көрсеттіңіздер.
2017 жылғы Универсиада барлық қазақстандықтар үшін нағыз мерекеге айналды.
Спортшыларымыздың жеңісі қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытуға серпін беріп, келер ұрпаққа үлгі болуға тиіс.
Универсиаданың ұйымдастыру комитетіне жарысты жоғары деңгейде өткізіп, жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтамын.
Барлық спортшыларға мықты денсаулық және жаңа белестерді бағындыру жолында табыс тілеймін!» – делінген құттықтауда.
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




