Мемлекеттік органдардың тарапынан кәсіпкерлерді заңсыз тексеру азайған. Бұл туралы кеше ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.
«Біздің бастамамыз бойынша мемлекеттік органдармен жүргізілетін тексерістердің саны жылдан жылға азайып келеді. Егер 2011 жылы 1715 тексеріс жүргізілген болса, 2012 жылы – 1009, ал 2013 жылы олардың саны 340-қа дейін азайды», - деді М.Ахметжанов. Ол сонымен қатар, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының бизнес ісіне заңсыз араласу фактілерінің жолын кесу жұмысы жүргізіліп отырғанын да атап өтті. «Тек 2013 жылы қаржы полициясы теріс пиғылды шенеуніктердің тарапынан шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуының 214 фактісін анықтады. Бұл мәселе бойынша Агенттік Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Ағымдағы жылғы 30 қаңтарда Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекіттік», - деді төрағаның орынбасары. Айта өтейік, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Ұлттық палата жанында құрылған Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрамына кіреді.
Аталған орган ҚР Президентінің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы Жарлығы енгізілген кезеңнен бастап кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, бірінші кезекте олардың экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп келеді.
Ақпарат көзі: www.baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді