Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов тілшілердің сұрағына жауап бере отырып, қаржы полицейлерінің қанша жалақы алатынын жария етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Агенттіктің аумақтық құрылымдарында қызметкерлердің орташа жалақысы 155 мың теңгені құрайды. Осыған қоса, білімі, тәжірибесі, еңбек өтілі, біліктілігі ескеріліп, үстеме төленеді. Қызметкерлердің шұғыл қызметіне орай төленетін үстеме бар. Агенттіктің аппаратында орташа жалақы 215 мың теңгені құрайды», - деді ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




