Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан судьяларының VII съезіне қатысты. Съезге еліміздің судьялар корпусының өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар басшылары, құқықтық қоғамдастық, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы съезде сөйлеген сөзінде тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда түбегейлі жаңа өзгерістерге сай келетін заманауи сот жүйесі қалыптасқанына ерекше назар аударды. – Сот жүйесін реформа-лаудың негізгі мақсаты – тәуелсіз және сатылмайтын сот билігін қалыптастыру. Бұл жерде судьялардың адалдығы мен біліктілігі, сот төрелігінің әділеттігі мен қолжетімділігі маңызды, – деді Қазақстан Президенті. Елбасы қабылданған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары құқық қорғау органдары мен соттардың қызметінің барлық қырын қамтитынын атап өтті. – Бұл реформаның басты буыны сот билігі болып саналады. Біз оны жаңғыртпасақ, басқа шараларымыздың пайдасы болмай қалады, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында сот жүйесін жаңғырту ісі басталып кеткенін атап өтті. – Сот жүйесінің көп сатылылығы жойылды, инвестициялық даулар бойынша сот өндірісі енгізілді, IT-технологиялар негізінде барлық жерде сот талқылауларын аудио, бейнежазбалар арқылы фиксациялау тәсілі енгізілуде. Біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрамыз, онда ағылшын құқығы, сондай-ақ әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттары қолданылады. Алқа билер сотының қолданылу аясы кеңейтілді, судьяларға қойылатын талаптар барынша қатайтылды, – деді Елбасы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев жеке сот орындаушылары институтын бірте-бірте нығайту қажеттігіне назар аударды. Қазақстан Президенті сот жүйесін жетілдіру ісі бойынша алда ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтіп, сот төрелігін дамытудың перспективалы негізгі бағыттарын белгіледі. – Қазіргі заманда Қазақстан соттарының алдында төмендегідей міндеттер тұр: Біріншіден – заң үстемдігін қамтамасыз ету, бұл міндетті шешуде сот басты рөл атқарады. Екіншісі – судьялардың жауаптылығын күшейту, бұл олардың тәуелсіздігіне қол сұғу деген сөз емес. Үшіншісі – лайықты судьялар корпусын қалыптастыру. Төртіншісі – сот істерін қарау тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Ал бесіншісі – бұл құқықтық ағартушылық мәселесі. Азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығының арқасында сот дауларының санын айтарлықтай азайтуға болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұған қоса, Мемлекет басшысы съезде судьялардың жаңа Әдеп кодексінің қабылдануын елеулі оқиға ретінде атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді