Премьер-министр Кәрім Мәсімов елордамызда жаңадан ашылған республикалық физика-математика мектебіне барып, оқу жүйесімен танысты. Айта кеткен жөн, бұл мектептің білім беру жүйесінде тек физика және математика пәндеріне ғана емес, компьютерді терең игеруге де ерекше екпін жасалады. Елімізде алғаш рет физика-математика мектебі 1972 жылы Алматы қаласында ашылған болатын. Мұндағы білім беру жүйесі Мәскеу, Новосібір, Минск, Нью-Йорк сынды әлемнің ірі шаһарларындағы мектептердің оқу моделі бойынша құрылған. Танымал ғалымдар мен беделді саясаткерлердің көбі осы білім ордаларын бітірген. Енді елордалық балалар да осы беделді мектеп қабырғасында білім алады. 1 қыркүйек күні 900-ге ге жуық оқушымен бірге мектепке ел Премьер-министрі Кәрім Мәсімов те келді. Үкімет басшысы жаңа білім ордасының оқу бағдарламасымен танысып, ғимараттың қалай жабдықталғанын көрді. Ғабит Бекахметов Астана қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің директоры: - Біз осы мектепті ашу туралы шешімді екі-ақ ай бұрын қабылдадық. Осы мерзім ішінде 2 мыңға жуық өтініш түсті. Конкурс негізінде 900-ге тарта бала осында оқитын болды. Мектепте ақылы және ақысыз бөлімдер бар. Сабақ беретін мұғалімдердің білімі өте жоғары. Біз іріктеу нәтижесінде Астана, Алматы қалаларының ең мықты ұстаздарын осында шақырдық. Мектеп басшылығы осында жиналған үздік ұстаздарға зор сенім артады. Себебі мұғалімнің еңбегі болашақта оқушылардың білікті маман болып қалыптасуына сеп. Айта кеткен жөн, кезінде Алматыдағы физика-математика мектебін бітірген Премьер министр Twitter әлеуметтік желісінде өзінің алғашқы ұстазын еске алып, бүкіл халықты бұл тұлғалардың еңбегін ұмытпай, мектептегі естеліктермен бөлісуге шақырған. Бүгін физика-математика мектебімен қатар тағы бірнеше білім беру мекемесі мен жаңа балабақшалар да өз есіктерін айқара ашты. Жаңыл Жонтаева ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры: - Білім беру ұйымы ашылды. Соның ішінде 49-ы балабақша, 61-і жаңа мектеп. Тағы да жылдың аяғына дейін 30-дан астам жаңа мектептер ашылады деп күтілуде. 7126 мектепте бүгін бірінші қоңырау соғылды. 9 мыңнан астам балабақшалар да жұмыстарын бастады Жаңыл Жонтаева биылдан бастап 1-сынып оқушылары аптасына 5 күн ғана оқитынын еске салды. Ал, қалған балалар осы оқу жүйесіне Білім және ғылым министрлігі бекіткен жоспар бойынша көшетін болады. Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді