Жаһан
Тимур Құлыбаев Назарбаевқа Риодағы Олимпиада кезінде қалай хат жазғанын айтты
- author «Ақ жол»
- 25 тамыз, 2016
- 248
Тимур Құлыбаев Назарбаевқа Риодағы Олимпиада кезінде қалай хат жазғанын айтты
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, Тимур Құлыбаев барлық қазақстандықтарға алғыс айтып, Олимпиада кезінде Мемлекет басшысымен осы қуанышпен қалай бөліскенін айтып берді.
"Ештеңеге қарамастан сендер жақсы нәтиже көрсеттіңдер. Алғаш екі алтын медальды жеңгендерінде мен Мемлекет басшысына біздің спортшыларымыздың осы жеңісті Қазақстан халқына және Президентке арнайтынын жазып, хабарлама жолдадым", - деді ол.
Сонымен қатар, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Дмитрий Баландиннің көрсеткен ерекше өнерін айтып өтті.
"Бір жыл ішіндегі дайындық кезінде бапкерлер маған Дмитрийдің алтын медальді алып келетінін айтқанда, шынымды айтсам, маған фантастика болып көрінді. Дмитрийдің арқасында осы фантастика өмірде жүзеге асты. Әрине, біз барлығымыз бокстан Даниярға сендік. Ол расында да көптеген жылдар бойы жақсы жекпе-жектерді өткізіп жүр және біз Даниярдың арқасында Қазақстанның бокстан мықты құрама екенін дәлелдей алдық", - деп атап өтті Құлыбаев.
"Олимпиада ойындарының алдында болған допинг дауларына байланысты ауыр атлетикадан қатыспақ болған төрт спортшымыз шеттетілді. Бұл, әрине, біріншіден біздің спортшыларымыз үшін үлкен соққы болды. Себебі, олар әлемдік рейтингте көш бастап жүрген спортшылар", - деді Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті.
"Біздің командадағы спортшыларды Ресей құрамасының спортшылары сияқты жарыстан алып тастау туралы әңгімелер болды. Бірақ федерация басшылығы мен бас бапкердің арқасында біздің команданың спортшылары Олимпиадаға қатыса алды. Мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахқа біздің спортшылардың басқа спортшылар сияқты Олимпиадаға қатысатынын жазып, хат жолдадым. Және спортшылардың Олимпиада ойындарына дейін допингке тексерілгенін, ол сынамалардың Германияға жіберілгенін жаздым. Барлығы біздің спортшыларымыдың қанынан ешқандай тыйым салынған заттардың табылмағанын растады. Біз Олимпиада ойындарында лайықты жеңіске жеттік", - деп қорытындылады Тимур Құлыбаев.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жетінші бесжылдықтағы жаңашылдық жаршылары
- 20 тамыз, 2024
Архивтің жетпіс жылдық жұмысын бір-ақ жылда тындырған
- 8 тамыз, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді