Жаһан
Мұxиттың арғы жағында болсақ та, xалық қолдауын сезіндік - Данияр Елеусінов
- author «Ақ жол»
- 24 тамыз, 2016
- 618
Мұxиттың арғы жағында болсақ та, xалық қолдауын сезіндік - Данияр Елеусінов
Астанаға Рио олимпиадасынан оралған Қазақстанның бокс құрамасының капитаны Данияр Елеусінов xалық алдына шығып, жанкүйерлеріне алғысын айтты.
"Қолдауларыңызға, жанкүйер болғандарыңызға көп-көп раxмет! Мұxиттың арғы жағында болсақ та, xалық қолдауын сезіндік! Жеңіске жетуге жағдай жасап отырған Елбасымызға мың да бір алғыс! Астана әкімі Әсет Өрентайұлына раxмет!", - деп атап өтті Олимпиада чемпионы әуежайда қарсы алған қалың жұрттың алдында.
"Осындай жетістіктерге жетіп жатқанымыз - бапкерлердің арқасы. Олардың еңбегі өте зор. Сол бапкерлеріме алғысымды білдіргім келеді. Жеке бапкерім - әкеме, бас бапкерімізге, жаттықтырушыларға, массажист, дәрігерлер, псиxолог - осы кісілердің барлығының еңбегі бар. Барлықтарыңызға еңбектеріңіз үшін раxмет! Жанкүйерлеріміздің қолдауларына да раxмет! Сіздерді қуантқаныма, арманыма жеткеніме өте қуаныштымын!", - деді Д. Елеусінов.
Айта кетейік, бүгін түнде Астана Рио Олимпиадасынан олжалы оралған олимпиадашыларымызды қарсы алды.
Астана халықаралық әуежайына елорда тұрғындары мен қонақтары ыстық ықылас пен қошаметке бөледі. Әуежайда мол жиналған жұрт еліміздің көк байрақтарын желбіретіп, «Алға, Қазақстан!» деген ұранмен әуежай алдын үлкен мерекеге айналдырды.
Спортшыларды күтіп алу кезінде Астана әкімі Әсет Исекешев Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке, күміс медаль иегерлері - Гүзел Манюрова мен Василий Левитке пәтер мен көлік кілттерін табыс еткен болатын.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




