Жаһан
Барша жанкүйерлерге қолдағандары үшін басымды игім келеді - Левиттің анасы
- author «Ақ жол»
- 24 тамыз, 2016
- 947
Барша жанкүйерлерге қолдағандары үшін басымды игім келеді - Левиттің анасы
Астанаға Рио олимпиадасынан оралған Қазақстан боксшысы, Олимпиаданы күміс медаль иегері Василий Левиттің анасы Татьяна Борисовна жанкүйерлерге алғыс білдірді.
"Әрбір чемпион артында мықты ана тұр деп айтады. Бірақ оның артында тек мықты ана ғана емес, оның артында мықты бапкерлер де тұрады. Құрметті біздің балалар, біздің ұлдар! Сендер бүгін нағыз жеңімпазсыздар, нағыз олимпиадашыларсыздар! Сендер өз отбасыларыңның, Қазақстан атты ұлы мемлекеттеріңіздің патриотысыздар! Біз сендерді жақсы көреміз! Біз сендермен мақтанамыз! Ал барша жанкүйерлерге қолдауларыңыз үшін, мойындауларыңыз үшін мен басымды игім келеді", - деді Т. Борисовна.
Айта кетейік, бүгін түнде Астана Рио Олимпиадасынан олжалы оралған олимпиадашыларымызды қарсы алды.
Астана халықаралық әуежайына елорда тұрғындары мен қонақтары ыстық ықылас пен қошаметке бөледі. Әуежайда көп жиналған жұрт еліміздің көк байрақтарын желбіретіп, «Алға, Қазақстан!» деген ұранмен әуежай алдын үлкен мерекеге айналдырды.
Спортшыларды күтіп алу кезінде Астана әкімі Әсет Исекешев Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке, күміс медаль иегерлері - Гүзел Манюрова мен Василий Левитке пәтер мен көлік кілттерін табыс еткен болатын.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




